Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Күшіміз халықтың бірлігінде – сарапшы

2022 жылдың 17 қаңтар 2022 20:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы №2 балалар музыка мектебінің директоры Владислав Ли барша қазақстандықты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі баршамыз бір нәрсені нақты білуіміз керектігін еске салды. Мемлекет пен азамат – біртұтас. Бұл халықтың «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген мақалын жан-жақты ашатын, бөліп-жаруға келмейтін ұғым. Күшіміз – халықтың бірлігінде. Бізге балаларымыздың және ортақ Отанымыздың болашағы үшін бірігу қажет. Біз – біртұтас халықпыз. Бұл Тәуелсіздігіміздің даңқты тарихымен-ақ дәлелденген», - деді Владислав Ли.

Сонымен қатар ол бүгінде еліміздің мықты көшбасшысы бар екенін баса айтып өтті.

«Ең бастысы, көшбасшымыз бар. Біз оның төңірегіне топтасуымыз керек. Осынау қиын-қыстау күндер еліміздің сауатты әрі жауапкершілігі зор Мемлекет басшысы басқарып отырғанын көрсетіп берді. Біз, қазақстандықтар барлық сынақтан сүрінбей өтіп, еліміз гүлденуі әрі мықты бола түсуі үшін қолымыздан келген барлық істі жасаймыз», - деді мектеп директоры.




Фото: elorda.info


Жоғары қарай