Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

#КүшімізБірлікте: Сабырлық танытайық, ағайын - Рысқали Әбдікеров

2022 жылдың 8 қаңтар 2022 14:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров қазақстандықтарды сабырлық танытуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында елімізде қалыптасқан ахуалдың қиындығына байланысты бірқатар жедел шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар бұзақылар жасаған террористік актінің ұйымдастырушылары нағыз террористер екені анықталды. Олар Алматы мен басқа да қалаларда кейбір қару-жарақ сақталған қоймаларды басып алып, ел ішінде іріткі салуда. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекет басшыларынан бітімгерлік көмек сұраған болатын. Мен бұл ұсынысты өз басым толықтай қолдаймын. Себебі, азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғау Конституция бойынша Президентіміздің басты міндеті. Сондықтан, бүгінгі ахуалға түсіністікпен қарап, сабырлылық танытайық, ағайын», - деді Сенат депутаты.


Жоғары қарай