Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Құтқарушылар көлікке қысылып қалған ер адамды аман-есен шығарып алды

2019 жылдың 18 қыркүйек 2019 16:28

ІРГЕЛІ. ҚазАқпарат - Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары автокөлікте қысылып қалған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше түнде Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Алматы облысының Іргелі кентінде соқтығысқан екі автокөлік туралы хабар келіп түсті.

«Екі көлікте де жарақат алған адамдар болған. Зардап шеккен үш адамды жедел медициналық жәрдем қызметкерлері шығарып, ауруханаға жатқызды. Алдыңғы орындықтағы төртінші жолаушы қысылып қалған, дәрігерлер ер адамды өз бетімен шығарып ала алмады. Оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының жедел тобы шақырылды» делінген хабарламада.

Құтқарушылар гидравликалық құрал көмегімен ер адамды автокөліктің салонынан алып шықты. Сосын оны жедел медициналық жәрдем бригадасына жеткізді.


Жоғары қарай