Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құтқарушылары қараша айында Тарбағатайда суға кеткен балықшының бірінің денесін тапты

2021 жылдың 16 сәуір 2021 20:12

ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы ТЖД құтқарушылары Тарбағатай ауданында суға батып кеткен балықшылардың бірінің денесін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«16 сәуірде облыстық ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері іздеу жұмысын қайта бастап, Қара Ертіс өзеніндегі Кендірлік учаскесі маңында 40 жастағы суға батып кеткен балықшының бірінің денесін тапты. Қайықпен іздегендер балықшының өлі денесін оқиға орнынан 30 шақырым жерден тапты», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кететін болсақ қайғылы оқиға 2020 жылдың 20 қараша айында болған. Екі ер адам балық аулауға кетіп үйге оралмаған. Құтқарушылар оларды 26 күн ішінде 6-9 метрге дейін тереңге 145 сүңгіп су астынан іздеді. Іздеу жұмысы 16,291 шаршы шақырымдай жерде жүрігізілді, алайда нәтиже болмады.

Қазір, 1990 жылғы екінші балықшы іздестіріліп жатыр.








Жоғары қарай