Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Құйынды жел Атыраудағы лагерьдің шатырын ұшырды, 150 бала эвакуацияланды

2019 жылдың 5 шілде 2019 23:44

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында құйынды жел сауықтыру лагерінің шатырын жұлып әкетті. 150 бала қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше оқиға балаларға арналған «Тұлпар» сауықтыру лагері орналасқан қала маңындағы Бесікті ауылында болды.

«Нөсерлі жауынмен бірге келген дауылды жел үш корпустың шатырын көкке ұшырды. Бұл уақытта балалар ғимараттың ішінде болған. Зардап шеккендер жоқ. Барлық 150 баланы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Батыс өңірлік аэромобильдік шұғыл-құтқару жасағының» қызметкерлері қауіпсіз жерлерге эвакуациялады», - деп мәлім етті өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінен.




Жоғары қарай