Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Күзет ұйымдары мектептердегі қауіпсіздікті толық қамтамасыз ете алады - сарапшы

2021 жылдың 29 маусым 2021 18:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі күзет ұйымдары барлық мектептегі қауіпсіздікті толық қамтамасыз ете алады. Мұндай пікірді Нұр-Сұлтан қаласындағы күзет ұйымдары қауымдастығының өкілі Александр Сосорбармаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, мектептер орын алуы мүмкін лаңкестік шабуылдар кезінде өте әлсіз нысандар саналады. Сондықтан мұндай нысандарды қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне бейімделген кәсіби мамандар жұмыс істеуі тиіс.

«Неге олай болмасқа, солай болуы тиіс қой. Өйткені, олар лаңкестікке қарсы тұрғыдан алып қарағанда өте әлсіз нысандардың тізіміне кіреді», - деді Александр Сосорбармаев.

Сарапшының пайымынша, республикамызда кәсіби күзет ұйымдарының желісі барынша дамыған әрі олар дәл осы мәселеде білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз етуге қауқарлы.

«Ұйымдар жеткілікті деңгейде дамыған. Барлығы да тендердің қалай өткізілетіндігіне байланысты болып тұр. Тендер ашық әрі әділ өткізілуі тиіс», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 10 шілдеге дейін «Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын» бекітуді тапсырған болатын.

«Өңірлердің әкімдіктері жаңа оқу жылы басталғанша білім беру ұйымдарын қауіпсіздіктің материалдық-техникалық құралдарымен қамтамасыз етсін. Бұл ішкі істер органдарының жедел ден қою орталығына шығатын бейнебақылау жүйелерін жаңартуға, кәсіби күзетпен, турникеттермен және «дабыл түймелерімен» қамтамасыз етуге қатысты. Екінші, Білім министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге биылғы 10 шілдеге дейін Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын бекітсін», - деген еді Үкімет басшысы.


Жоғары қарай