Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

KWU  киокушинкайдан ӘЧ: Қазақстандық каратешілер үш алтын медаль иеленді

2019 жылдың 9 желтоқсан 2019 02:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Жекпе-Жек» сарайында ерлер және әйелдер арасында KWU киокушинкайдан әлем чемпионатының финалы өтті. Әлем Чемпионаты 15 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылды. Жалпы әлемнің 54 елінен 301 спортшы қатысты.

Чемпионаттың алтын медалін: ерлер арасында 85 кг дейінгі салмақта Владимир Артюшин, әйелдер арасында 50 кг дейінгі салмақта Устюгова Людмила, 70 кг дейінгі салмақта Алемгуль Сабырхан иеленді.

70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Бейсембаев, 60 кг дейінгі салмақта Екатерина Гурова күмістен алқа тақты.

Чемпионаттың ұйымдастырушылары – Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясы, Kyokushin World Union Халықаралық ассоциациясы. Әлем чемпионаты Қазақстанда өтіп жатқандықтан ұлттық құрама екі құраммен өнер көрсетті.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай