Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Қымбат жандар»: Жоғалған жандары іздеуге арналған тележоба эфирге шығады

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 12:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 қыркүйектен бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан жоғалған жандарды іздеуге арналған «Қымбат жандар» әлеуметтік тележобасы эфирге шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жобаның басты мақсаты - түрлі жағдайда жақындарын жоғалтқан кейіпкерлерге барынша қолдау көрсетіп, тиісті мекемелердің тікелей көмегімен хабар алуға қолұшын беру.

«Қазақстанда соңғы 5 жылда 13 мың адам із-түзсіз кеткен. Елімізде ай сайын 220 адам жақындарынан алыстайды. Бұл - көңілге кірбің ұялататын статистика. Із-түзсіз жоғалған әр адамның тағдыры да әр қилы. Кей адам ашу үстінде жақындарынан баз кешіп, отбасынан кетіп қалса да, арада көп жыл өткен соң қайта табысқысы келеді. Біздің мақсатымыз - сол жандардың отбасына оралуына жәрдемдесу. «Қымбат жандар» - тағдырдың жазуымен бір-бірінен қол үзіп қалғандарды қауыштыратын алаң. Қазірдің өзінде редакцияға түрлі хаттар келіп түсуде. Ең өкініштісі, олардың арасында анасынан ажырап қалған балалар бар», - дейді бағдарлама жүргізушісі Қымбат Досжан.





Қазақстандықтар бағдарламаға +77075355383 WhatsApp нөмірі бойынша немесе qymbat_jandar@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы өз оқиғасын жолдай алады.

Жоба Ұлттық арнадан 27 қыркүйектен бастап әр жексенбі күні сағат 12:00-де эфирге шығады.









Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Қоғам, БАҚ,
Жоғары қарай