Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Қырғызстан астанасындағы жағдай қалыпты – Бішкек ІІББ

2019 жылдың 8 тамыз 2019 16:56

БІШКЕК. ҚазАқпарат – 7 тамыз күні Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың үйінде болған оқиғалардан кейін бүгін Қырғызстан Бас прокуратурасы «Жаппай тәртіпсіздіктер», «Бұзақылық», «Адам өлтіру», «Адамды кепілге алу» баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Айта кетейік, бүгін Қырғызстанға 9 тамыз күні Шолпан атада болатын ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары кездесуіне ресми делегациялар келеді. «Елдегі оқиғаларға қарамастан, Еуразия үкіметаралық кеңесі белгіленген уақытында өтеді», - деп мәлімдеді Қырғыз Республикасы премьер-министрінің баспасөз хатшысы Әділет Сұлтаналиев.

Атамбаевты арнайы ұстау шарасы Ыстықкөлдегі туризм маусымының қызған шағында іске асырылуда. Осыған орай Қырғызстан туризм департаментінің директоры Максат Дамир уулу туроператорларға үндеу тастады:

«Егер сіздерде Бішкек аумағында қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет туристер тобы болса, маған хабарласыңыздар... Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бас басқармасымен бірге оны ұйымдастыруға әрекет жасаймыз», - деді ол.

Бішкек ішкі істер бас басқармасының мәлімдеуінше, Бішкек милициясының жеке құрамы азаматтар мен астана қонақтарының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін штаттық режимде орындап отыр. Қазіргі кезде қаладағы жағдай қалыпты, милиция қызметкерлерінің бақылауында.

Автор: Наталья Гильт

Фото: kabar.kg

Басты сөздер: Қырғызстан, Оқиға,
Жоғары қарай