Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қырғызстан аумағында жер сілкінді

2020 жылдың 14 мамыр 2020 23:15

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 14 мамырда Алматы уақытымен 22 сағат 16 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 495 шақырым қашықта Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.5, магнитудасы – 4.6. Жерасты дүмпуі 5 километр тереңдікте болған.

Сезілу туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) мәлімет жоқ.


Жоғары қарай