Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қырғызстан парламентінің экс-спикері коронавирустан қайтыс болды

2020 жылдың 24 мамыр 2020 16:00

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бүгін Бішкектегі клиникалық инфекциялық ауруханада Жогорку Кенештің экс-спикері, қоғам қайраткері Мукар Чолпонбаев қайтыс болды. Ол коронавирустан емделіп жатқан болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

«Коронавирустан емделу кезінде оның жағдайы нашарлап, ауруы асқынып кетті. Екіжақты пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі сияқты асқынулар пайда болды. Оның бұдан бөлек жүрек, бүйрек және буын аурулары бар еді. Оның жасы 70-те болатын» делінген хабарламада.

Чолпонбаев ауруханаға 5 мамырда түскен. Жағдайы күрт нашарлаған соң 12 мамырда жансақтау бөліміне ауыстырылған. Бүгін сағат 12:10-да жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан ол коронавирустан көз жұмды.

Республикалық штаб марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Жалпы, Қырғызстанда коронавирустан 15 адам қайтыс болған.

Бүгін 24 мамырда елде 38 адам індет жұқтырған. Барлық науқастар саны - 1403, жазылғандар - 980. 275 медицина қызметкері ауруға шалдыққан.


Жоғары қарай