Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

2021 жылдың 27 ақпан 2021 18:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2-3 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР СІМ Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен екіжақты құжаттарға қол қою, сондай-ақ мемлекеттік сапар мәртебесіне сәйкес протоколдық іс-шаралар жоспарланған.

Сонымен қатар Қырғыз Республикасының Президенті С.Жапаров Қазақстанның бизнес-қоғамдастығымен кездесу өткізеді», - делінген ҚР СІМ хабарламасында.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында, «шағын және кеңейтілген құрамда өтетін келіссөздер барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға басымдық бере отырып, қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының қазіргі жағдайы және перспективалары талқыланатындығы көзделіп отырғандығын» хабарлады.

(Мемлекет басшылары Орталық Азиядағы, Еуразиялық экономикалық одақтағы және өзге де көпжақты құрылымдардағы интеграциялық үдерістерді дамыту жөнінде, сондай-ақ, күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады деп күтілуде. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылмақ», - деп жазды Берік Уәли.


Жоғары қарай