Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Қырғызстанда 30 бала коронавирус жұқтырған

2020 жылдың 9 сәуір 2020 11:19

БІШКЕК. КАБАР – ҚазАқпарат – Қырғызстанда коронавирус инфекциясының 280 жағдайы расталған. Олардың 147-сі – әйел, 133-і – ер адам. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен брифингіде Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мадемин Каратаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, олардың ішінде 15 жасқа дейінгі 30 бала бар, екеуі - бір жасқа дейінгі сәби, 16-дан 19 жасқа дейінгі - 11, 20-дан 35 жасқа дейінгі – 71, 35-тен 55 жасқа дейінгі 101, 55 жастан асқан 67 адам бар.

Сондай-ақ ведомствоның дерегі бойынша елде 34 медицина қызметкерінен коронавирус расталған.

Қырғызстанда бүгін COVID-19 вирусын жұқтырған тағы 10 жаңа оқиға тіркелді. Елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 280-ге жеткен. Олардың 34-і – медицина қызметкері. 25 адам емделіп, ауруханадан шығарылды. Төрт адам аурудан көз жұмды.


Жоғары қарай