Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қырғызстанда бір кафеден тамақтанған 85 адам уланып қалды

2021 жылдың 25 қазан 2021 12:02

БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – 25 қазан күні таңғы 7:30-дағы жағдай бойынша Теміржол ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне қаралғандар саны 85-ке жетті. Бұл туралы Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі кезде бір науқас ем қабылдап жатыр, оның жағдайы тұрақты.

Қалған қаралушылар алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді.

Эпидемиологиялық зерттеудің барысында зардап шеккендердің бір кафенің түрлі жерлерде орналасқан филиалдарынан тамақтанғаны анықталды.

МСЭҚК мамандары эпидемиологиялық зерттеуді жалғастырып жатыр.

Еске сала кетейік, кеше 12 адамның «Империя пиццы» кафесінің төрт филиалында тамақтанғаннан кейін уланғаны туралы хабарланған еді.


Басты сөздер: Оқиға, Қырғызстан,
Жоғары қарай