Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қырғызстандағы референдум: 79 пайыз қырғызстандық президенттік басқаруға көшуді қолдады

2021 жылдың 11 сәуір 2021 21:51

БІШКЕК. Кабар – ҚазАқпарат – Қырғыз Республикасында жергілікті уақытпен сағат 20:00-да жергілікті кенеш сайлауы және жаңа Конституция жобасы бойынша референдум аяқталды, деп хабарайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала деректерге қарағанда, жергілікті кенештер сайлауына 1 млн 24 мың 891 адам немесе тұрғындардың 30,89% дауыс берген.

Ал референдумға 1 млн 61 мың 591 адам немесе 29,89% қырғызстандық дауыс берген.

Сәл кейін Қырғызстанда жаңа Конституция жобасы бойынша референдумға 36,75% адам қатысқан туралы ресми мәлімет тарады. Бұл туралы Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабекова айтты.

«Референдумға қатысқандардың 79,25% жаңа Конституция жобасын қолдап дауыс берсе, 13,69% қарсы болған», - деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстанда жергілікті кенештерге сайлау және Конституция бойынша референдум өтіп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Қырғызстан азаматтарына түрлі түстегі екі бланк, сондай-ақ жегілікті кенеш сайлауына және референдумға қатысу үшін биометриялық сәйкестендіруден өтуге арналған екі чек берілді.

Жогорку Кенеш депутаттары «Қырғыз Республикасының Конституциясы туралы» Заң жобасы бойынша референдум (бүкілхалықтық дауыс беру) тағайындау туралы» заң жобасын мақұлдап, референдумды өткізу мерзімін бекітті.

Жаңа Конституция жобасындағы басты айырмашылық – президенттік басқару нысанына көшу.

Сондай-ақ депутаттар санын 120-дан 90-ға дейін қысқарту ұсынылып отыр.



Жоғары қарай