Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қыркүйекте респонденттер тұрмыстық техника мен кеңсе тауарларына баға өскенін атап өтті – Ұлттық банк

2020 жылдың 15 қазан 2020 11:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский 2020 жылғы қыркүйектегі инфляцияға түсініктеме берді.

Нақты жылдық инфляция 7,0% деңгейінде тұрақтанған кезде инфляциялық күтулер қыркүйекте 6,5-ға дейін (2020 жылғы тамыз – 6,9%) төмендеді.

Сонымен қатар қабылданатын және күтілетін бағаның өсуін бағалаулар азайды. Мәселен, бағаның өсуін атап өткен респонденттердің арасында бір жылдық болашақта күтілетін инфляцияны медиандық бағалау 16,6% (2020 жылғы тамыз – 17,7%) дейін, ал қабылданатын инфляциянікі – 18,1% (20,7 % ) дейін төмендеді.

2020 жылғы қыркүйекте өткен 12 айда бағаның мейілінше тез өскенін атап өткен респонденттердің үлесі 62%-ға дейін (тамызда – 65%) төмендеді. Өткен айдағы бағалар серпінін бағалауларда бағалардың өте жоғары өсуін атап өткен респонденттердің үлесі
38%-ға дейін (шілдеде – 49%, тамызда – 41%) төмендеді.

Тамызбен салыстырғанда қыркүйекте респонденттердің аз бөлігі тамақ өнімдері бағасының, көпшілігі – азық-түлікке жатпайтын тауарлар пен қызметтер бағасының өскенін атап өтті. Респонденттер тамақ өнімдерінің құрылымында ет және тауық, жемістер мен көкөністер, сүт өнімдері бағасының өскенін атап өтуді жалғастырды, бұл ретте олардың үлесі тамызбен салыстырғанда төмендеді. Нан-тоқаш өнімдері бағасының өскенін атап өткен респонденттердің үлесі артты.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың құрылымында тұрмыстық техника мен кеңсе тауаларына бағаның өсуін атап өткен респонденттердің үлесі өсті. Қызметтер бойынша ТКШ саласында тарифтердің, сондай-ақ тұрмыстық қызметтер (шаштараз, ателье және т.б.) құнының өскені атап өтілді.

Ағымдағы және болашақ материалдық жағдайды бағалаулар шілде-тамызбен салыстырғанда аздап теріс болды. Жалақы алушылардың үлесі қалпына келуде, респонденттердің ірі сатып алуларға дайындығы артты. 2020 жылғы қыркүйекте жинақ ақшасы бар респонденттердің үлесі төмендеді. Бұл ретте жинақ ақшаның көп бөлігінің банктік депозит түрінде сақталуы жалғасуда

Даму перспективаларын қысқамерзімді және ұзақмерзімді бағалау мейлінше оң болды.


Басты сөздер: ҚР Ұлттық банкі, Инфляция,
Жоғары қарай