Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларына дәріс оқыды

2020 жылдың 26 қараша 2020 18:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларына еліміздің қазіргі өзекті даму мәселелеріне байланысты дәріс оқыды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік хатшы өз дәрісінде тәуелсіздікті нығайту жолдары, Елбасының көшбасшылық феномені туралы кеңінен баяндады.

Қырымбек Көшербаев әлемдік экономиканың қазіргі ахуалы, мемлекеттік басқарудың жаңғыру жолдары және дүниежүзілік пандемияның сабақтары жайындағы ойларымен бөлісті. Дәріс соңында тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.


Жоғары қарай