Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қырымбек Көшербаев мемлекеттің басты мақсат-мұратын атады

2021 жылдың 1 наурыз 2021 15:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттің басты мақсат-мұраты - адами капиталды дамыту. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда мемлекеттің басты мақсат-мұраты - адами капиталды дамыту. Осыған орай Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыруға ұластыру қолға алынуда. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру жөніндегі келелі міндеттің аясында іске асырылмақ», - деді Қырымбек Көшербаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Алғыс айту күнінің 5 жылдығына арналған дөңгелек үстел барысында.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, соның негізде тұлғалық даму немесе адами капиталдың сапасын арттыру, ұлттық бірегейлік, мемлекет пен азаматтық қоғамды дамытуға барынша күш салынбақ.

«Осы арқылы біз бірлігі жарасқан барша Қазақстан халқын қазіргі заманғы толысқан мемлекет құру жолындағы жоғары мақсаттарға жұмылдыра аламыз», - деді ол.


Жоғары қарай