Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қырымбек Көшербаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия жетекшілерімен кездесті

2021 жылдың 4 мамыр 2021 09:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қырымбек Көшербаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жұмыс топтары жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік комиссияның жұмыс топтары жетекшілерімен, ғалымдармен және сарапшылармен кездесу өткізді.

Кездесу кезінде комиссияның жұмыс барысы мен өзекті мәселелері, оның ішінде архивтерде, әсіресе шетелдік мұрағаттардағы зерттеу жұмыстарын егжей-тегжейлі зерделеу қарастырылды. Өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейту, оларға тиісті әдістемелік көмек көрсету жөнінде шешім қабылданды.

Сондай-ақ Қырымбек Көшербаев өздерінің өтініштері бойынша бір топ мәдениет және ғылым қайраткерлерін қабылдады.


Жоғары қарай