Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қыстақтағы жасөспірімдер ұялы байланыс ұстайтын жер іздеп, жоғалып кеткен

2020 жылдың 5 маусым 2020 03:27

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының Махамбет ауданында жасөспірімдер ұялы байланыс ұстайтын жерді іздеп, жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, 2 маусымда Қаңбақты қыстағынан 17 және 18 жастағы жасөспірімдер ұялы телефонмен сөйлесу үшін мобильді байланыс ұстайтын жерді іздеп шыққан. Бірақ, сол күні қыстаққа қайта оралмаған.

«Қаңбақты қыстағы Махамбет ауданының орталығынан 65 шақырым қашықта орналасқан. Бастапқыда оларды туыстары іздестіріп, таба алмаған. Содан соң, 3 маусымда Төтенше жағдайлар департаментіне хабар берген. Жоғалған жасөспірімдерді іздеуге 4 қызметкер жіберілді», -деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Алайда, құтқарушылар қыстаққа келгенге дейін туыстары екі жасөспірімді өздері тауып алған.


Жоғары қарай