Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытай Айдың бетінде алғашқы биологиялық тәжірибе жасады

2019 жылдың 15 қаңтар 2019 14:11

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Айдың арғы бетіне қонған Қытайдың «Чанъэ-4» зонды Ай бетінде алғаш рет биологиялық тәжірибе жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Ай бетінде биологиялық сынақ жүргізу үшін мақта, рапс, картоп, ақшешек, ашытқы тұқымы және жеміс шыбынының жұмыртқасы үлгі ретінде таңдап алыны.
Агенттік жариялаған суреттерден Ай бетінде өсімдік тұқымдары көктеп жатқанын көруге болады. Соңғы жіберілген суреттерден байқайтынымыз, күшті сәуле мен температура айырмашылығына қарамастан мақта өскіні жақсы өсіп келеді.
Бұл Ай бетінде өсіп шыққан алғашқы өсімдік тұқымы.



null
Ғалымдар биологиялық үлгілердің жай-күйін бақылауды жалғастыруда.
Синьхуа агенттігі «бұл Айдың бетіндегі алғашқы биологиялық тәжірибе» деп атап өтті.
Айта кетсек, желтоқсан айында Қытай «Чанье-4» зондын ұшырып, 3 қаңтарда ол Ай бетіне сәтті қонды. Қытай 2030 жылға дейін осы салада Ресей мен АҚШ-ты озып, әлемнің негізгі ғарыш державасына айналуды мақсат етіп отыр.

Аударған: Мұхтар Мұрат

Фото: avianews.info

Перевод Мұхтар Мұрат
Басты сөздер: Ғарыш, Қытай,
Жоғары қарай