Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайда Абай шығармаларының аудармашыларына ІІ дәрежелі «Достық» ордені табысталды

2020 жылдың 10 қазан 2020 14:25

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қазақстан Елшілігінде Қытайдың аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы, профессор Ха Хуаньчжанға және «Қытай жазушылары» баспа тобының бас басқармасының басшысы, танымал жазушы Әкбар Мәжитұлына II дәрежелі «Достық» ордендерін салтанатты табыс ету рәсімі өтті.

Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауға сіңірген еңбектері үшін аталған тұлғаларды мемлекеттік марапатпен наградтау туралы Жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 4 тамызда қол қойған болатын.

1928 жылы дүниеге келген Ха Хуаньчжан (әдебиеттегі лақап аты – Қабай) Абай шығармашылығын зерттеуге өмірін арнаған алғашқы шетелдік әдебиеттанушылардың бірі болып табылады. 1958 ж. Ха Хуаньчжанның «Абай Құнанбайұлы. Үш өлең» атты тұңғыш аудармалар жинағы жарық көрді. Сол жылы ҚХР ШҰАА-да шығатын «Тянь-Шань» журналы «Қазақстанның ұлы ақыны - Абай Құнанбайұлы» атты оның Абай туралы алғашқы ғылыми мақаласын жариялады.

Оның «Абай өлеңдері» және «Қара сөздер» атты қытай тіліндегі аудармаларын Шынжаң баспасы 1982 және 1984 жж. басып шығарды. Үш жылдан кейін Бейжіңде Қабайдың «Абай және оның поэзиясы» атты мақалалар жинағы, ал 1994 ж. ол құрастырған «Абай шығармаларының толық жинағы» қытай тілінде жарық көрді.

Ха Хуаньчжанның ең елеулі еңбектерінің бірі –Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясының аудармасы. Бұл жұмысқа ол 14 жыл жұмсаған болатын.

Әкбар Мәжитұлы – Қытай тілінде жазатын ҚХР-дың аз ұлттар өкілдерінің көрнекті жазушыларының бірі. 1982 ж. бастап Қытай Жазушылар одағының мүшесі болып табылады, кезінде ҚХР Халықтық-саяси консультативтік кеңесінің депутаты болған, ҚХР мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері, оннан астам кітаптың, оның ішінде Абай шығармалары аудармаларының авторы.

2020 жылы қыркүйекте Әкбар Мажитұлының «Абай Құнанбайұлының шығармалары қытай тілінде» атты 2 томдық жинағы жарық көрді.

Әкбар Мәжитұлының аудармалары мен ізденістерінің арқасында бүгін қытай оқырмандары Абай Құнанбайұлының ақындық және философиялық мұрасымен қатар қазақ әдебиетінің басқа да көрнекті классиктерінің шығармаларымен жақын танысуға мүмкіншілік алуда.

















Басты сөздер: #Аbai175, Әдебиет, Қытай, ҚР СІМ,
Жоғары қарай