Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Қытайда демалып келген көкшетаулық балалардан коронавирус инфекциясы табылмады

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 19:02

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Қытайда демалып келген көкшетаулық балалардан коронавирус инфекциясы анықталмады. Балалардан тұмаудың А типі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Telegram әлеуметік желісінде Көкшетаудағы жұқпалы ауралар ауруханасына коронавирус күдігімен науқас түсті деген ақпарат тараған болатын.

Осыған орай, ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасына хабарласып, мән-жайды сұрап білген еді.

Ведомстводан атап өткендей, бүгін қаңтардың 28-де ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекциялары) диагнозымен 2 және 5 жасар екі бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына түскен. Аталмыш отбасы 6-21 қаңтар аралығында Қытайда (Хайнань) демалыста болған.

Ақмола облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті науқастардан коронавирус инфекциясына байланысты сынама алды. Ата-анасы мен баланың үлкенінде ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекциялары) белгілері табылмады. Сынама қорытындысы бірер сағатта дайын болады деген еді.

«Ақмола облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті сараптама қорытындысы бойынша облыстық көпбейінді балалар ауруханасына түскен науқастардан тұмаудың А түрі анықталды, коронавирус инфекциясы расталмады», - деп түсіндірді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Жоғары қарай