Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайда халықтың 76,8% коронавирусқа қарсы вакциналанды

2021 жылдың 26 қараша 2021 10:16

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Құрлықтық Қытайда 1,08 млрд адам коронавирусқа қарсы вакциналаудың толық курсынан өтті, бұл ел тұрғындарының 76,8 пайызын құрайды. Бұл туралы Гуанчжоуда (ҚХР Гуандун провинциясы) өткен Қытай интернет-медиа форумының барысында елдің жетекші эпидемиологы Чжун Наньшан мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ол сондай-ақ Қытайда COVID-19 жұқтыру деңгейі 100 мың адамға шаққанда 8,9 оқиғаны құрайтынын, ал өлім деңгейі - 100 мың адамға шаққанда 0,4-ті құрап отырғанын атап өтті.

Өткен тәулікте құрлықтық Қытайда коронавирусты жұқтырудың расталған жаңадан 13 оқиғасы анықталды, өлім тіркелмеген. Бұл ретте, вирусқа шалдығудың жергілікті 4 жағдайы Ляонин провинциялары (Далянь қаласы) мен Шанхай қаласынан анықталған.

Соңғы ресми мәлімет бойынша, құрлықтық Қытайда COVID-19 вирусына шалдыққан пациенттердің 94,42% сауығып шықты. 2019 жылдың желтоқсанынан бері коронавирус жұқтырғандар саны 98,5 мың адамға жетіп, 4636 адам қайтыс болған.


Авторы Руслан Сүлейменов


Жоғары қарай