Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қытайда нөсер салдарынан 14 адам қаза тауып, 8 адам жоғалып кетті

2020 жылдың 1 шілде 2020 17:20

ЧЭНДУ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Мяньнин уезінде жауған нөсер жауын салдарынан, сейсенбі 23.00-дегі мәлімет бойынша, 14 адам қаза тауып, 8 адам із-түзсіз жоғалған. Бұл туралы сәрсенбі күні жергілікті билік өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Алдыңғы хабарламаларда көз жұмғандар саны – 12 және жоғалып кеткендер – 10 адам деп көрсетілген еді.

Мяньнин уезі әкімшілігінің баспасөз кеңсесінің хабарлауынша, жоғалған екі адамның қаза тапқаны анықталды.

Уезде нөсер жауын 26 маусымда басталды.Табиғи апаттан болған шығын 738 млн юань немесе 104 млн АҚШ долларын құрап отыр.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.


Басты сөздер: Оқиға, Қытай,
Жоғары қарай