Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайда полиция учаскесіне шабуыл жасалды

2018 жылдың 6 тамыз 2018 17:31

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдың Сычуань провинциясында 6 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-де пышақпен қаруланған адам полиция учаскесіне шабуыл жасады, деп хабарлайды «Синьхуа» ақпарат агенттігі.

Қаскөй екі полиция қызметкерін өлтірген. Сонымен қатар, шабуыл барысында 4 адам түрлі дәрежеде жарақат алды.

Қылмыскерді полицейлер атып өлтірді.

Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, сол күні таңертең кісі өлтіру оқиғасына байланысты полиция аталған қылмыскерге іздеу салған екен. Қазіргі уақытта қоғамдық қауіпсіздік органдары іс бойынша тергеу жүргізуде.

Перевод Мұхтар Мұрат
Басты сөздер: Қытай, Әлем,
Жоғары қарай