Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайда шахтада болған жарылыстан төрт адам мерт болды

2020 жылдың 20 қазан 2020 09:36

БЕЙЖІҢ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясының көмір шахтасында болған жарылыс салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, жарылыс Lu'an Group компаниясына тиесілі нысан аумағында жергілікті уақыт бойынша сағат 02:00-де орын алған. Биліктің мәліметтеріне қарағанда, оқиғаға шыққан газдың жарылысы себеп болған.

Шахтада құтқару жұмыстары аяқталды. Зардап шегуші ауруханада. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, тергеу жүргізіліп жатыр.


Басты сөздер: Қытай, Оқиға,
Жоғары қарай