Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайда шахтаны су басып, кеншілер жер астында қалды

2021 жылдың 11 сәуір 2021 11:06

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында көмір шахтасын су басып, 21 адам жер астында қалып қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, апат сенбі күні Бейжің уақыты бойынша кешкі 18:10-да ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Чанцзи-Хуэй округы Хитуби уезінде болған. Алдын ала ақпарат бойынша, жөндеу жұмыстары кезінде шахтаны су басып, салдарынан электр қуаты өшкен. Кеншілермен байланыс та үзілген.

Төтенше жағдай кезінде шахтада 29 кенші болған, сегізі құтқарылды. Қазіргі кезде 21 адам су басқан шахтада қалып отыр.

Шұғыл қызметтер апат орнында жұмыстарын жалғастыруда.


Авторы: Руслан Сүлейменов

Жоғары қарай