Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайда түйелерге арналған әлемдегі алғашқы бағдаршам пайда болды

2021 жылдың 13 сәуір 2021 19:37

ДУНЬХУАН. ҚазАқпарат – Қытайда Ганьсу провинциясындағы Дуньхуан қаласының билігі түйелерге арналған әлемдегі алғашқы бағдаршам орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Дуньхуан – түйеге міну үлкен сұранысқа ие туристік қала. Соңғы жылдары Минша тауын, Магао үңгірлеріндегі храмдар кешенін, сонымен қоса Ұлы Қытай қорғанының батыс жағындағы Юмэнь және Янгуань асуларын көруге келген туристер саны артқан.

Бағдаршамның бір жағында түйелердің суреті бар жасыл және сары белгілер бар. Екінші жағында дәл осындай адам бейнеленген белгі көрсетіледі.


Басты сөздер: Қытай, Туризм, Көлік,
Жоғары қарай