Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайда ұшаққа мінетін кезде коронавирус белгілерін жасырған жолаушы 1 жылға сотталды

2021 жылдың 27 қаңтар 2021 09:45

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайға ұшар алдында коронавирустың белгілерін жасырған халықаралық әуе рейсінің жолаушысы бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Бейжің қаласының аудандық сот үкіміне сілтеме жасап.

Сот үкімінде 37 жастағы жолаушының әрекеті ҚХР санитарлық-эпидемиологиялық ережелерін бұзып, вирустың таралу қаупін тудырған, осылайша жұқпалы аурулардың алдын алу мен емдеуге кедергі келтіретін қылмыс жасады деп жазылған.

2020 жылдың наурыз айында 37 жастағы жолаушы әйел АҚШ-тан Қытайға халықаралық рейске шықпас бұрын вирус белгілерін, атап айтқанда дене қызуының жоғары болғанын жасыру үшін қызу түсіретін дәрі ішкен.

Бейжің халықаралық әуежайына келгеннен кейін оның коронавирус жұқтырғаны анықталды және онымен тығыз байланыста болған 60-тан астам адам карантинге жіберілді.

Соңғы ресми мәліметке сәйкес, ҚХР-да коронавирусқа шалдыққандардың 92,72% емделген.

2019 жылдың желтоқсан айынан бастап ауру жұқтырғандар саны 89,2 мыңнан асты, медициналық мекемелерде коронавирус инфекциясы бар 1862 адам жатыр.

Соңғы 24 сағат ішінде елде бір де бір өлім жағдайы тіркелмеген.

Өлім көрсеткіші - 5,19% (4636 адам қайтыс болған).


Жоғары қарай