Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Қытайда VI Дүниежүзілік интернет конференция ашылды

2019 жылдың 20 қазан 2019 14:18

УЧЖЭНЬ. ҚазАқпарат – Қытайдың Венециясы атанған Учжэнь тарихи елді мекенінде (Чжэцзян провинциясында) VI Дүниежүзілік интернет конференция басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Биылғы жиын «Интелект, өзара байланыс, ашықтық және ынтымақтастық: киберкеңістікте тағдыры ортақ қоғамдастық құру» тақырыбына арналды.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Дүниежүзілік интернет-конференция қатысушыларына арнаған сөзінде биыл Интернеттің пайда болғанына 50 жыл толып отырғанын атап өтті.

Оның айтуынша, «Интернетті адамзаттың пайдасына дұрыс пайдалану мен басқаруға халықаралық қоғамдастық түгел жауапты».

Шараға үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың, іскер және ғылыми қауымның 1,5 мыңнан астам өкілі қатысуда. Концеренцияға өкілін жіберген компаниялардың арасында Apple, Intel, Amazon, Cisco, SAP, Nokia, Ericsson, Siemens, Samsung Electronics, Alibaba, Huawei, Hikvision, Tencent, т.б. бар.

Конференция аясында 20-дан астам тақырыптық форум өтеді. Онда Жасанды интеллект, өнеркәсіпті цифрландыру, киберкеңістікті реттеудің халықаралық нормалары мен ережелерін әзірлеу мәселелері талқыланады.

Шарада Интернеттің 2019 әлемдегі және Қытайдағы дамуы, желілік технологиялардың адамзат прогресіне қосатын үлесі туралы баяндамалар оқылады.

Үлкен деректер, бұлттық технологиялар, өнеркәсіптегі Интернет, 5G желісі салаларындағы 60-тан астам инновациялық өнім айтулы шараның көрмесінде көрсетіледі.

Еске сала кетейік, Учжэньде алғашқы Дүниежүзілік интернет-конференция 2014 жылы өткен болатын.

Авторы Руслан Сүлейменов

Басты сөздер: Қытай, Интернет,
Жоғары қарай