Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайда жаңалықтарды виртуалды диктор жүргізе бастады

2018 жылдың 9 қараша 2018 12:12

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік интернет-конференциясында «Синьхуа» ақпарат агенттігі қытайлық Sogou компаниясымен бірлесіп, әлемдегі алғашқы «AI синтезді дикторды» таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің сайтына сілтеме жасап.

AI технологиясына негізделген «синтезді диктор» ер адамның бейнесінде жасалған. Ол нақты адамның дыбысын, бет әлпетін және адамның нақты қозғалысын бейнелей алады.

Бұл технология қытай және ағылшын мәтіндерінде сәйкес мазмұнның бейнесін автоматты түрде жасай алады және мәтіндерді кәсіби дикторлар секілді ретінде оқып береді.

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, «AI синтезді диктор» - Синьхуа ақпарат агенттігінің жаңалықтар тобының ресми мүшесі. Ол өзінің ресми веб-сайтында және әлеуметтік медиа-платформаларда тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді.

Бұл технологияны пайдалана отырып, «Синьхуа» ақпарат агенттігі жаңалықтар тарату кезіндегі шығындарын азайтады және тиімділікті арттырады.

Жоғары қарай