Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қытайда жанармай таситын көліктің жарылуынан қаза тапқандар саны 19 адамға жетті

2020 жылдың 14 маусым 2020 10:40

ХАНЧЖОУ. СИНЬХУА. ҚазАқпарат – Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясында автоцистернаның жарылуы салдарынан қаза тапқандар саны 19 адамға жетті. Бұл туралы жергілікті билік жексенбі күні таңертең болған баспасөз конференциясында айттты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуаға сілтеме жасап.

Жарақат алғандар саны – 172 адам, соның ішінде 24 адам ауыр халде жатыр. Барлығы ауруханаларда ем қабылдауда.

Еске салайық, апат кеше кешке 16:40-та болған еді. Сұйылтылған мұнай газы тиелген автоцистерна Шеньян-Хайкоу тасжолында Ляншань ауылының маңында жарылған болатын.

Екінші рет жарылған көлік құралы тасжолдың маңындағы көлік шеберханасына құлаған кезде тағы жарылыс болды. Соның салдарынан зауыт шеберханасының маңайындағы тұрғын үйлер де опырылды.

Қазіргі уақытта оқиға орнына 2660 құтқарушы, 151 құтқару көлігі және 30-дан астам құрылғы жіберілді, деп хабарлады Вэньлин қаласының вице-мэрі Чжу Минлян баспасөз конференциясында.

Жергілікті қоршаған ортаны қорғау органдары апат маңындағы ауа мен судың ластану деңгейіне мониторинг жүргізіп жатыр. Әзірге айтарлықтай ештеңе табылған жоқ.

Зардап шеккендерді құтқару және іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Апаттың неден болғаны анықталуда.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай