Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайдағы коронавирус жұқтырудың жаңа оқиғалары тұрғындар арасында дүрбелең туғызды

2021 жылдың 16 мамыр 2021 17:28

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың Аньхой және Ляонин процинцияларында COVID-19 жұқтырудың жаңа оқиғалары жергілікті тұрғындар арасында дүрбелең туғызып, коронавирусқа қарсы жаппай екпе салғызуына себепшы болды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Global Times газетіне сілтеме жасап.

Қытайдың әлеуметтік желілерінде Аньхой провинциясының Хэфэй қаласындағы ауруханалардың біріндегі екпе салдырту пунктінің қасында орнаған адам кезегін көрсеткен видео шықты.

Өткен жұма күні Хэфэй қаласында COVID-19 вирусына қарсы 364 мыңнан астам вакцина егілген. Бұл бір күнде салынған екпелер саны бойынша рекордтық көрсеткіш болды. Қытайдың екі провинциясындағы 12-ге жуық елді мекен орташа қауіптегі эпидемиологиялық аймақтар санатына ауыстырылды. Бұл коронавирус жұқтырудың жаңа расталған оқиғаларының анықталуына байланысты болған. Жұма күнгі мәлімет бойынша, Аньхой және Ляонин провинцияларында коронавирусқа шалдығудың жеті оқиғасы тіркелді.

Жоғары қарай