Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайдағы нөсер жаңбыр: қаза тапқандар саны 33 адамға жетті

2021 жылдың 22 шілде 2021 12:27

ЧЖЭНЧЖОУ. Синьхуа –ҚазАқпарат – Хэнань провинциясында (Орталық Қытай) нөсер жаңбыр салдарынан қаза тапқандардың саны 33 адамға жетті, тағы сегіз адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің мәліметінше, провинцияға жауған нөсер жаңбыр салдарынан жалпы 3 миллионға жуық адам зардап шеккен.

Барлығы 376 мың жергілікті тұрғын қауіпсіз жерлерге эвакуацияланды, деп хабарлады провинцияның төтенше жағдайларды басқару департаменті.

Табиғи апат салдарынан 215 200 гектардан астам ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келді. Тікелей экономикалық шығын - шамамен 1,22 миллиард юань (шамамен 188,6 миллион АҚШ доллары).


Басты сөздер: Қытай, Оқиға,
Жоғары қарай