Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Қытайдағы орман өртін сөндіруге 2 мың адам жұмылдырылды

2020 жылдың 31 наурыз 2020 01:48

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында осы күндері өршіген орман өртімен күреске 2 мыңнан астам адам аттандырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Жергілікті БАҚ мәліметіне сүйенсек, орман өрті Сычуань провинциясының Ляньшань-Ийск автономды округіндегі Мули уезінде 28 наурыз күні басталып, 15 гектарға жайылып үлгерді.

Дүйсенбі күні кешке тілсіз жау 800 мың тұрғыны бар Сичан қаласына жақындаған. Осыған орай жергілікті билік төтенше жағдайға әрекет етудің жоғары дәрежесін енгізді. Жалынмен күреске 2 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Онымен қоса, орман өртін сөндіру үшін жасанды жауын-шашындар шақырылатын болады.

Еске салайық, бір жыл бұрын Сычуань провинциясының Ляньшань-Ийск автономды округіндегі Мули уезінде тұтанған орман өртімен күрес кезінде 30 өрт сөндіруші қаза болды.


Автор Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Қытай, Әлем,
Жоғары қарай