Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайдағы жетекші қазақ компаниялары медиа саласының болашағын талқылады

2017 жылдың 3 сәуір 2017 16:59

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үрімжі қаласында Қытайдың медиа саласында өзіндік орны бар жетекші қазақ компаниялары бас қосып, заманауи ақпараттық үдерістерді талқылады.

«Жаңа дәуір - жаңа медиа» тақырыбымен өткен шағын форумды Шынжаң телерадио торабы (Қазақстандық iD TV - цифрлік телевидениесінің қытайлық нұсқасы) ЖШС қазақ бөлімінің «Бауырсақ медиа» жобасы мен Елжау мәдениет және коммуникация ЖШС (Шанхай) бірлесіп ұйымдастырды.



null

Форумға «Куәбол» ЖШС директоры Ықылас Оразбайұлы, «Жас Қыран» ЖШС директоры Арыстанбек Нұқанұлы және Қытай Орталық телевизиясының Шыңжаңдағы тұрақты тілшісі Сенім қатысып, жастарға қазақ тілді ақпарат саласының дамуы, болашағы және нарыққа бағытталуы жөнінде пікірлерімен бөлісті.



null

Шараға Үрімжі қаласында білім алып жатқан қазақ студенттері және әр салада еңбек етіп жүрген қазақ жастары қатысты.

Қытайдың әр жерінде білім іздеп жүрген қазақ жастарына, сондай-ақ, өзге ұлттарға қазақ мәдениетін, тарихын және дәстүрін насихаттап жүрген Елжау мәдениет және коммуникация ЖШС директоры Ернұр Жұмағалиұлы бұл шараны Қытайдың Бейжің, Шанхай және Гуанчжоу секілді өзге де қалаларында өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.



null

Айта кетейік, 20 мың сағаттық қазақ тіліндегі кино қоры бар «Bawrsak tv» ұлттық қосымшасын пайдаланушылар саны бұл күнде миллионнан асқан. Оған қазақша телеарна бағдарламалары, қазақ тіліне аударылып дубляж жасалған шетелдік кинофильмдер мен сериалдар, сондай-ақ, «Қазақстан жұлдыздары» айдарымен ақындар айтысы видеолары жүктелген.

Автор Мұхтар Мұрат
Басты сөздер: Тіл, Қандастар, Қытай, БАҚ,
Жоғары қарай