Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайдың оңтүстігіндегі су басқан туннельден 14 адамның мүрдесі табылды

2021 жылдың 22 шілде 2021 13:15

ШАНХАЙ. ҚазАқпарат – Қытайдың оңтүстігінде туннельді су басуы салдарынан құрбан болғандардың саны 14-ке жетті. Қытайдың Орталық телеарнасының мәліметінше, бейсенбі күні құтқарушылар тағы бір адамның мүрдесін тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 15 шілде күні таңертең ерте Чжухай қаласында (Гуандун оңтүстік провинциясы), Шицзиншань тауларындағы туннельде болған. Туннельдің бір бөлігіне құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде су басқан. Салдарынан 14 адам сыртқа шыға алмай қалды. Сәрсенбі күні кешке 13 адамның денесі табылған болатын.

Жедел қызметтердің шамамен 2,5 мың қызметкері қатысқан іздестіру-құтқару операциясы аяқталды. Жергілікті билік ТЖ себеп-салдарын анықтау жұмыстарын жалғастыруда.


Басты сөздер: Қытай, Оқиға,
Жоғары қарай