Қытайлық бойжеткеннің мұрнының ішіне тіс өскен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық бойжеткен көптеген жылдар бойы жиі-жиі мұрнынан қан кетіп, әбден қиындық көрген. Ол созылмалы ринит дертіне шалдықтым деп те ойлаған.
Қан тоқтамаған соң Хунань провинциясындағы мемлекеттік ауруханаға қаралады.
Отоларингологтар рентгенге түсіргенде оның мұрнының ішінде бөтен дене мүшесі көрінген, деп жазады Daily Mail.
Алдында дәрігерлер мұрынға кішкене тас кіріп кеткен деп ұйғарып, оны суырып алады. Ота барысында пациенттің мұрнында тіс өскені анықталды.