Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Қызыл» аймақ: Атырауда 2 907 науқас коронавирустан емделіп жатыр

2021 жылдың 18 шілде 2021 13:04

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Қызыл» аймақтағы Атырау облысында коронавирустан 2 907 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде инфекциялық стационарларда –1 013, үйінде емделу үшін 1 894 пациент оқшауланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, 16 шілдеде - 342, ал, кеше, 17 шілдеде - 277 адам қауіпті вирусқа шалдыққан.

Мәселен, соңғы екі күнде Атырау қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 469 дерегі анықталған.

Сондай-ақ, Теңіз кенішінде 28, Жылыой ауданында 27, Индерде – 22, Қызылқоғада – 18, Исатайда – 17, Махамбетте – 17, Құрманғазыда – 10, Мақат ауданында 16 адамнан қауіпті вирустың белгісі табылған.

«Қазір өңірдегі инфекциялық стационарларда 1 013 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде аудандардағы инфекциялық стационарларда – 240, модульдік ауруханада – 203, №2 облыстық ауруханада – 199, кардиологилық орталықта – 110, теміржол ауруханасында 95 пациент емделуде. Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кенішіндегі стационарда – 95, ал, фтизиопульманологиялық орталықта 95 науқас ем қабылдауда» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, үйінде ем-дом қабылдау үшін 1 894 адам оқшауланған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда екі күнде 654 адам коронавирус жұқтырған болатын.


Жоғары қарай