Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Қызыл аймақ»: Қостанайда карантин шаралары қайта күшейді

2021 жылдың 16 қаңтар 2021 17:07

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Желтоқсан айының басында Қостанай облысында коронавирусқа шалдыққандар саны азайып, карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді. Алайда, өңірлік жедел штабтың мәліметінше тұрғындар сақтық шараларын сақтамай, әсіресе мереке күндері карантин режимін жиі бұзған. Салдарынан індет қайта таралып, облыс «қызыл аймаққа» енді.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі республикалық ведомствоаралық комиссияның ұсынымы бойынша 2021 жылғы 18 қаңтардан бастап екі апта мерзімге карантин енгізіледі.

Сонымен облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысымен төмендегі шаралар қабылданды:

1. Қызметкерлер саны 15 және одан көп ұйымдардың қызметкерлерінің 80%-ын қашықтан жұмыс режиміне көшіру;

2. Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін шектеу, демалыс күндері тек «жеткізу» қағидаты енгізіледі;

3. ХҚКО-лардың жұмысын алдын ала жазылу бойынша сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін шектеу, әлеуметтік қашықтықты, маска режимін, термометрияны, күшейтілген санитарлық - дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз ету;

4. Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілер мен ұйымдардың (қонақ үйлер, қонақ үйлер, туристік базалар және т. б.) қызметіне толымдылығы 50%-дан аспайтын жағдайда рұқсат беру;

5. Қостанай облысының аумағында Шоқыну мерекесі күні жаппай шомылуды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу;

6. діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметін тоқтата тұру;

7. кеңестердің (отырыстардың) күндізгі режимде өткізілуін тоқтату;

8. жіті респираторлық аурулар (температура, мұрынның бітелуі, жөтел және т.б.) белгілері бар персоналды жұмысқа жібермеу;

9. демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысын тоқтату.

Сонымен қатар сенбі және жексенбі күндері келесі әлеуметтік-қоғамдық нысандардың қызметі тоқтатылады:

1. Ауданы 2000 шаршы метрден астам азық-түлік емес сауда объектілері (оның ішінде СОО, сауда үйлері).

2. Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысы

3. Сауна, монша, СПА-орталықтар жұмысы

4. Жабық спорт объектілерінің, оның ішінде фитнес-орталықтардың жұмысы


Жоғары қарай