Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда қаласында 4 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

2020 жылдың 29 шілде 2020 10:25

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 4 мыңға жуық жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасына орай Қызылорда қаласына 98 жобаға қаржы қаралған. Оның ішінде негізгі басымдық жол жөндеу және әлеуметтік нысандарды жаңғыртуға бөлінген. Сол бойынша қала тұрғындары үшін қосымша 4523 жұмыс орнын ашу көзделген. Бүгінгі таңда еңбекпен қамтылғандар 80 пайызға жетті.

Аталған бағдарлама аясында «Локомотив» стадионы күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бүгінде тозығы жетіп, қайта жаңғыртуды қажет еткен стадион ғимаратын жөндеуге тараздық «АгроспецСтрой» мекемесі жауапты. Мердігер 33 адамды еңбекпен қамтыған. Бүгінде стадионда дренажды суару жүйесі салынуда. Спорттық орын қыркүйек айында ел игілігіне айналатын болады.

Сондай-ақ, биыл И.Әбдікәрімов атындағы аграрлы-техникалық жоғарғы колледжінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 112 адам кәсіп көзін тапқан. Жоба негізінде оқу орнының шатыры, терезесі ауыстырылып, хас беті әрленіп, жылу құбырлары жаңаланады. Сонымен бірге 5200 шаршы метрді құрайтын ғимарат ауласына жаңадан брусчатка төселеді.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласында жылу желілерінің 60 пайызы жаңартылған.


Жоғары қарай