Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

2021 жылдың 15 маусым 2021 12:18

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қызметке облыс әкімінің өкімімен ҚР Президенті жанындағы Кадр саясаты мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның келісімімен Талғат Дүйсебаев келді.

Т. Дүйсебаев 1973 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Қызылорда политехникалық институты мен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын Жалағаш аудандық жасөспірімдер спорт мектебінде дене шынықтырушы ретінде бастаған.

1994-2011 жылдары - Жалағаш аудандық білім бөлімінің есепшісі, Жалағаш ауданы әкімі аппаратының экономика және кәсіпкерлікті қолдау секторының бас маманы, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім бастығы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болған.

2011-2020 жылдары - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жалағаш ауданының әкімі, облыстық ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

2020 жылғы қыркүйек айынан бастап Сырдария ауданының әкімі қызметін атқарып келді.


Жоғары қарай