Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасына жаңа басшы келді

2020 жылдың 28 мамыр 2020 10:40

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды. Бұл қызметке Мира Қазбекова келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

М.Қазбекова 1984 жылы дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі», Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы Қызылорда облыстық баспасөз клубының маманы ретінде бастаған. 2005-2008 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы-баспасөз хатшысы, Қызылорда облыстық ішкі саясат департаментінің бас маманы жауапты қызметтерін атқарған. 2008-2017 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің бас инспекторы-баспасөз хатшысы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бөлім басшысы, Қызылорда облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы басшысының орынбасары болды. Ал 2017-2019 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы басшылық лауазымын атқарған. 2019 жылдан осы кезге дейін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып Бақытжан Омаров тағайындалды.

Бұдан бұрын 22 мамырда Қызылорда облыстық Жұмылдыру дайындығы басқармасына жаңа басшы келді. Сонымен қатар, биылғы сәуір айының соңында Қызылорда облысының әкімдігінде үш бірдей басқарманың басшысы ауысқан болатын .


Жоғары қарай