Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 386.77
EUR 427.26
RUB 6.00
CNY 54.56

Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына жаңа басшы келді

2018 жылдың 20 наурыз 2018 10:22

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасына жаңа басшы келді. Енді бұл қызметті Намаев Бақытжан Біләлұлы атқаратын болады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Намаев 1964 жылы туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Саяси экономия», Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандықтары бойынша білім алған.

Сонымен бірге, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институты жалпытехникалық факультетінің ассистенті ретінде бастаған.

Өзінің еңбек жолында Бақытжан Біләлұлы жеке сектор мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының жүйесінде жауапты басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

Осы қызметке тағайындалмас бұрын, ол «Батуми мұнай терминалы» компаниясының бас директоры лауазымында болған.

Жоғары қарай