Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысы экология департаментінің басшысы 11 жылға сотталды

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 17:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тексеру қорытындысын бұрмалап жазғаны үшін 30 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы 11 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Antikor ақпарат алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Бегайдаров осы үкімнің мән-жайын түсіндірді.

«6 қыркүйекте Қызылорда қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен «Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті» РММ басшысының міндетін атқарушы Т.Аптикаликов 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ қоғамдық қауіпсіздікті қорғау тобының жетекшісі С. Пазыловқа 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Т.Аптикаликов С.Пазылов арқылы серіктестіктің экологиялық заңнама талаптарын сақтауы тұрғысынан жүргізілген кешенді тексеру бойынша оң шешім шығарғаны үшін жеке компания директорынан 30 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілінген», - деді Данияр Бегайдаров.


Жоғары қарай