Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылорда облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы тағайындалды

2022 жылдың 12 мамыр 2022 22:18

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қызметке Айдос Нағымадинұлы Дәрібаев келді.

А. Дәрібаев 1987 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Алматы энергетика және байланыс институтын, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын «KEGOC» (КЕГОК) акционерлік қоғамының инженері болып бастаған.

Әр жылдары Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының Сырдария, Қазалы аудандық, Қызылорда қалалық электр тораптарының директоры қызметтерін атқарды.

2014-2018 жылдары Еуразия экономикалық комиссиясы Энергетика департаментінің консультанты, Алматы, Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары болды. Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры ретінде жұмыс істеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында бірқатар басқармаларға басшылар тағайындалды.



Жоғары қарай