Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысы мүгедектерді оңалту бағдарламасын жүзеге асыруда екінші орынға көтерілді

2021 жылдың 18 шілде 2021 08:45

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы елімізде мүгедектерді оңалту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде мүгедектік санатымен 31 мыңға жуық адам тіркелген. Оның 5 мыңнан астамы - 18 жасқа толмаған бала. Мүмкіндігі шектелі жандардың еңбекке жарамдысы - 19 421, зейнеткерлер - 6 088, жұмыс істейтіндер - 5 432.

Биыл мүгедектігі бар азаматтарды оңалтудың техникалық құралы және қызметімен қамтамасыз етуге бюджеттен 1,2 млрд теңге бағытталды. 12 шілдедегі мәлімет бойынша 19 147 оңалтудың жеке бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 11 982 оңалтудың жеке бағдарламасы орындалды. Осылайша аталған көрсеткіш 62,6%-ға жетіп, өңір республика бойынша ІІ орынға шықты.

Ал, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 9 588 мүгедектігі бар адамдар оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық оңалту құралымен қамтылған. Жыл басынан бері 550 мүгедектігі бар азаматтар жұмыспен қамтылды.

«Өткен жылдың қараша айында облыста 595 мекеме, кәсіпорындардың тізбесі нақтыланып, мүгедектерді квотаға сәйкес жұмыспен қамту мақсатында облыс әкімінің «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды 2-4 пайыз мөлшерінде квота бойынша жұмыспен қамту мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу жөніндегі» іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 163 мекемеге 344 мүгедек адамды еңбекпен қамту белгіленді», - деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гауһар Қалмақова.

«Өзгеру жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасына сәйкес Қызылорда облысында 2021-2025 жылға бейімдеуге жататын әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің жоспарлы саны 1 294-і. Жарты жылда 2021 жылға жоспарланған 258 объектінің 163-нде бейімдеу жұмысы жүргізіліп, қалған 95 объектіге бейімдеу жұмысы қажет етілетіндігі анықталды.

Айта кетсек, Қызылорда облысында жол желісін дамыту жақсара түсті.



Жоғары қарай