Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысы Сырдария ауданына жаңа әкім тағайындалды

2021 жылдың 27 мамыр 2021 18:15

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Сырдария ауданының жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Сырдария аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Сырдария ауданының әкімі қызметіне ротациялық тәртіппен Мұрат Нәлхожаұлы Ергешбаев тағайындалды.

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова жаңа аудан әкімін Сырдария ауданында өткен жиында таныстырды.

Мұрат Ергешбаев 1966 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Алматы халық шаруашылығы институтын және ҚР Президенті жанындағы Ұлттық жоғарғы мемлекеттік басқару мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Сырдария ауданында Жамбыл кеңшарының экономисті ретінде бастап, Сырдария аудандық өнеркәсіп бірлестігінің бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ облыста банк саласында түрлі басшылық лауазымдар атқырып, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының вице-президенті болған.

2008-2017 жылдары Қызылорда қаласының әкімі, облыстық қаржы басқармасының бастығы, Қармақшы және Шиелі аудандарының әкімі, Алматы қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары, «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамының басқарушы директоры, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2017 жылғы қазан айынан бастап Қазалы ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Арал және Қазалы аудандарына жаңа әкім тағайындалған болатын.


Жоғары қарай