Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы тағайындалды

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 22:26

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің өкімімен аталған қызметке Гаухар Қалмақова келді.

Г. Қалмақова 1974 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Қызылорда облыстық Қаржы басқармасының экономисті ретінде бастаған.

1996-2004 жылдары Қызылорда облыстық Қаржы басқармасының бас экономисі, жетекші маманы, бас маманы болды. 2005-2017 жылдары Қызылорда облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарды.

2017 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарып келді.

Сондай-ақ, Қызылорда облыстық цифрлық технологиялар басқармасына жаңа басшы келді.


Жоғары қарай